Жарнама
Жаңалықтар

Атыраулық тұрғын 1896 жылы шығарылған немістің атыс қаруын тапсырды

Атыс қаруларымен, оқ-дәрі және жарылғыш заттармен жасалатын қылмыстардың алдын-алу үшін, қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз ету мақсатында 10-сәуірден бастап халықтан заңсыз сақталған атыс қаруларын, оқ-дәрілерді және жарылғыш заттарды сатып алу акциясы жүргізілуде.

Акция барысында Атырау қаласының полиция басқармасы әкімшілік полиция бөліміне 1988 жылғы қала тұрғыны 1896 жылғы Mauser C96 неміс тапаншасын тапсырған. Mauser C96 — 1896 жылы Германияда жасалынған өздігінен оқталатын тапанша. Бірінші және екінші дүние жүзілік соғыс кезінде пайдаланылған атыс қару ретінде тарихта қалған.

— Mauser C96 тапаншасын тапсырған азамат бұл қаруда бір жыл бұрын Исатай ауданында мал бағып жүргенде құм арасынан тауып алған. Қазіргі таңда 1896 жылы шығарылған қаруды тапсырған 1988 жылғы азаматқа мемлекет тарапынан 100 айлық есептік көрсеткіш көлемінде сыйақы берілді, — дейді Атырау қаласының полиция басқармасы әкімшілік полиция бөлімінің азаматтық қызмет қару айналымы бақылау тобының аға инспекторы Ренат Сисенов.

Related Articles

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button