Атыраулық төтеншеліктер Қызылқоғаға жол тартты

fa7ee7ab 0aa4 4d3e b1fe 4606271ae31fe Жаңалықтар

Атырау облыстық төтенше жағдайлар департаментінің күштері мен құралдары Қызылқоға ауданына жіберілді. Бұл туралы департаменттің қоғаммен байланыс тобы хабарлады.

–Қызылқоға ауданында су басу қаупінің орын алуына, Ойыл өзенінде су деңгейінің көтерілуіне байланысты 31 наурыз сағат 19:15-те облыстық төтенше жағдайлар департаментінің күштері мен құралдары, атап айтқанда 60 қызметкер мен 5 техника көмек көрсету үшін Қызылқоғаға жіберілді, – дейді департаменттің ресми өкілдері.

Алтыншаш ҚҰРМАШЕВА

Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз