Жарнама
Жаңалықтар

Атыраулық теміржолшылар жаппай тәртіпсіздік салдарынан зардап шеккендер үшін қан тапсырды

Теміржолшылар жаппай тәртіпсіздік кезінде зардап шеккендерді қолдау мақсатында донор болуда, деп хабарлайды Атырау облысының өңірлік коммуникациялар қызметі.

Акция еліміздегі соңғы оқиғалар салдарынан жараланғандарды қолдау мақсатында ұйымдастырлып отыр.

Мамандардың айтуынша, өңірде қазіргі уақытта қан қоры жеткілікті.

«Қазақстан темір жолы» АҚ «Атырау жол дистанциясы» филиалының директоры Елубай Сапаровтың айтуынша, Атырау теміржол бөлімшесінде 2000-ға жуық қызметкер еңбек етеді. Қан орталығына бірінші болып 70 адам келді.

«Теміржолшылар науқастар мен жараланғандарды қолдау үшін қан тапсыру пункттеріне баруда. Акция барлық өңірлерде өтіп жатыр», — деді Елубай Сапаров.

Еске сала кетейік, 5-6 қаңтардағы тәртіпсіздік барысында өңірде бір адам қаза тапты, полиция департаментінің тағы 49 қызметкері мен 27 сарбаз түрлі дене жарақатын алды.

Related Articles

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button