Жарнама
Жаңалықтар

Атыраулық таланттар жүлдемен оралды

Астана қаласында өткен «BINOM SCHOOL» мектептер желісі оқушыларының шығармашылығын шыңдауға бағытталған «B-FEST» конкурсы өз мәресіне жетіп, атыраулық оқушылар жеңіспен оралды. Жас таланттарды Қазақстан теміржолы Атырау вокзалынан өңірдегі Әл-Фараби атындағы және Д.Қонаев атындағы «ВINOM SCHOOL» мектеп-лицейлерінің басшылығы мен ұстаздары, ата-аналар салтанатты жағдайда қарсылап алды.

Бір айға созылған жоба аясында жарысқа қатысушылар B-BOOKMAN, B-ART, B-Social, B-SPORT, B-DREAM PROJECT мюзикл бағыттары бойынша өзара сынға түсті. Жоба соңы үлкен гала-концертпен қорытындыланған.

–Біздің мектеп оқушылары мен ұстаздарынан құралған команда  B-ART мюзикл бағыты бойынша «Ромео мен Джульетта» қойылымын жаңаша форматта сахналап, жоғары дәрежеде өнер көрсетті. Нәтижесінде жүлделі ІІІ орынмен марапатталды. Бұл жеңіс режиссер Димаш Серікұлы мен ұстаздардың, сахнаны жаны сүйген оқушылардың ай бойы тынымсыз дайындалған еңбегінің жемісі. Біздің өнерпаздар сахналаған қойылымның заманауи форматта шыққанын астаналық әріптестер де мойындады. Ендігі уақытта осы бағытты жандандыра түссек дейміз. Жазғы уақытта мектептегі лагерьдің бағдарламасына театр өнері, грим салу курстарын енгіземіз. Сонымен қатар білім ордасында арнайы мамандандырылған оқушылар театрын құрсақ деген жоспар бар, — дейді Әл-Фараби атындағы «ВINOM SCHOOL» мектеп-лицейінің директоры Өнербек Ерғалиев.

Айта кету керек, ат терлетіп Арқа еліне аттанып, Астана төрінде жасындай жарқылдап қайтқан жас таланттар ендігі уақытта аталған қойылымды Атырау тұрғындары мен қонақтары үшін өңірдегі театр сахнасында көрсетпекші.

Сахнадағы қойылым барысынан суреттер

Алтыншаш ҚҰРМАШЕВА

Related Articles

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button