Атыраулық студенттер қар күреп, көше тазалаушыларға ас — ауқат үлестірді (+ ФОТО)
Атыраулық студенттер қала тазалығының сақталуына атсалысып жүрген бір топ қызметкерге ыстық бәліш пен шәй таратып, қар күреуге көмектесті, деп хабарлайды Атырау облысы Білім беру басқармасының баспасөз қызметі.
«Бұл бастама жастардың қоғамға өз үлесін қосып, басқа адамдардың өміріне оң өзгерістер әкелу мақсатымен жүзеге асып отыр. Осы бағытта студенттеріміз қаламыздағы қар күреп жүрген жұмысшыларға ыстық бәліш пен шәй тарату арқылы өздерінің игілікті істерін бастады. Мұндай іс-шаралар әлі де жалғасын табады. Біздің еріктілер әр аптаның жұма күнін қайырымдылық іс-шараларына арнағысы келеді», — дейді Атырау энергетика және құрылыс колледжінің директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Рүстем Темірғалиев.
Айта кетелік, бұл іс-шараны Атырау энергетика және құрылыс колледжінің ерікті жастары ел Тәуәлсіздігінің 30 жылдығына орай және «Қайырымды істер марафоны» аясында ұйымдастырған.