Жаңалықтар
Атыраулық студенттер ескі вагондарды жаңартуда
Алғашында вагонды қайта құрастырып беруді танысым өтінді. Жасап көрдім. Сұраныс барын көріп, осы кәсіппен айналыса бастадым. Ескі темірді құммен тазалап, сырттарын қаптап, бояймыз. Есік-терезесін салып, салқындатқыш орнытып, саттыққа шығарамыз. Вагондардың бағасы да өлшеміне қарай әртүрлі 1,7 млн теңге — 1,8 млн теңге шамасында,- деді Б.Әсемғалиев.
Атырау аграрлы-техникалық колледжінің 2-курс студенті Әділжан Бисенбайұлының айтуынша, осы жұмысқа өзі қызығып, іздеп келген.
Мұнда келгеніме көп болмаса да, бүгінге дейін екі вагон жасап үлгердім. Өзіме ұнайды әрі оқып жатқан мамандығымда сай келеді. Жұмысқа қызығушылықпен қарасаң қиындығын ұмытасың,- деді Ә.Бисенбайұлы.