Жаңалықтар
Атыраулық студенттер АЭС салу мәселесін талқылады
Қ.Дүтбаева атындағы Атырау гуманитарлық колледжінде атом электр станциясын салу туралы ақпараттық-түсіндіру жұмыстары бойынша конференция өтті.
Жиында студенттер атом электр станциясын салу еліміздің дамыған үздік мемлекеттердің қатарына қосылуында басты көпір болып саналатынын атап айтты. Конференция барысында АЭС-тің пайдалы және зиянды жақтары да жан-жақты талқыланды. Заманауи атом энергетикасының қауіпсіздігі туралы сөз қозғалды. Шетелдік АЭС жұмыстары жөнінде де көптеген ақпараттар талқыға салынды.
Айта кету керек, аталған конференцияға 40-қа жуық студент қатысып, еркін пікір алмасты.