Жарнама
Жаңалықтар

Атыраулық студент Ильяс Қанатов «Pencak Silat»-тан Азия чемпионы атанды

Х.Досмұхамедов атындағы Атырау университетінің 3 курс студенті Ильяс Қанатов «Pencak Silat» жауынгерлік өнерінен Азия чемпионатында жеңімпаз атанды, деп хабарлайды atr.kz тілшісі Өңірлік коммуникациялар қызметіне сілтеме жасап.

Биыл VII кезекті ересектер арасындағы Азия чемпионатына 17 елден 500-ге жуық спортшы қатысқан.

-Бұл спортпен 2021 жылдан бастап жаттығамын. Өзіме қатты ұнайды. Соңғы үш жылдың ішінде көптеген жетістіктерге жеттім. Әуелі Қазақстан чемпионы атанып, Азия чемпионатына жолдама алған едім. Міне, Дубайда өткен Азия чемпионатында топ жарып, жеңімпз атанып отырмын, — деді «Экономика және құқық» факультетінің 3 курс студенті Ильяс Қанатов.

Сондай-ақ, чемпионатта өз өнерлерін көрсеткен Арсен Ермекқали дене шынықтыру пәнінің мұғалімі болса, Аманжан Амангелді осы бағытта мұғалім мамандығында, Дархан Жұмағалиев құқықтану бойынша оқитын 4 курс студенттері. Нақтырақ айтсақ, Дубайда өткен жарыста Ильяс Қанатов алтын, Арсен Ермекқали мен Дархан Жұмағалиев күміс, Аманжан Амангелді қола медаль иеленді.

penchak silat4
penchak silat1

Еске салайық, қазақстандық спортшылар «Pencak silat» жауынгерлік өнерімен 2017 жылдан бастап шұғылданады. Атырау облысында «Pencak Silat» федерациясы 2019 жылып құрылып, спортшыларды жарысқа дайындап келеді.

Related Articles

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button