Жаңалықтар
Атыраулық спортшы жүзуден өткен Қазақстан чемпионатында 3 медаль алды
Атыраулық спортшы Альфия Тілекқабыл Тараз қаласында жастар арасында өткен паражүзуден Қазақстан Республикасының чемпионатында тамаша нәтиже көрсетті.
Екі күнге созылған чемпионатта атыраулық талантты спортшы Альфия Тлекқабыл 1 алтын және 2 күміс жүлдеге ие болды.
Альфия 50 метрде шалқалай жүзуде алтын, 100 метрде күміс жүлдеге ие болды. Ал брасс әдісімен жүзуде күміс медальға қол жеткізді. Талантты спортшының жаттықтырушысы — Нұрлан Жұмағазиев.