«Мен – қазақпын!» мега-жобасын атыраулық тұрғын жеңіп алды

ZHanibek Жаңалықтар

     Елбасының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламалық мақаласын қолдау мақсатында «Қазақстан» телерадио корпорациясының ұйымдастыруымен қыркүйек айында басталған «Мен – қазақпын!» мега-жобасы мәреге жетті.

Жанибек

Көрерменді дәстүрлі ән мен күйге бөлеген осынау халықаралық байқауға қатысқан 54 өнерпаз телевизиялық жолдамаға ие болған-ды. Жүзден жүйрік, мыңнан тұлпар атанған тоғыз үміткер топ жарып, финалға шықты. Осы сайыста «Күй» номинациясы бойынша бақ сынаған Қызылқоға ауданының   тумасы Жәнібек Жәмиев Құрманғазының «Кішкентай» күйін көрерменге паш етті. Көрнекті мемлекет және қоғам қайраткері Мырзатай Жолдасбеков бастаған қазылар алқасының жоғары бағасына ие болды.

– Жәнібек орындаған «Кішкентай» күйі үлкен әсерге бөледі. Бұл тартысқа мен өте риза болдым. Жәнібек ұлы шығарманы өте әдемі орындап берді, – деп риза болды профессор. Осылайша, мұнайлы өлкенің намысын абыроймен қорғаған Жәнібек Жәмиев «Үздік күйші» номинациясы бойынша жеңімпаз деп танылды. Бүгінде Жәнібек Д.Нұрпейісова атындағы халықтық музыка колледжінің ұстазы, әрі  академиялық ұлт аспаптар оркестрінің әртісі болып қызмет етеді.

Нұрсәуле ЖАУЫНБАЕВА.

Қызылқоға ауданы

Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз