Жарнама
ЖаңалықтарҚоғам

Атыраулық жасөспірім ел біріншілігінде үздік спортшы деп танылды!

Талдықорған қаласында 28 ақпан мен 2 наурыз аралығында қоян-қолтық ұрыс спортынан жасөспірімдер арасында ел біріншілігі өтті.

Жарыс қорытыныдысы бойынша атыраулық спортшылар 3 алтын, 3 күміс және 1 қола медальға қол жеткізді.

Соның ішінде, 46 келіде өнер көрсеткен Қарақат Болатқызы 14-15 жас аралығы бойынша үздік деп танылды.

img 20210304 wa0061 1

Ал, Алтынбек Мұратұлы ауыр салмақ жеңімпазы атанса, Мейрамбек Айғалиев төртінші рет ел чемпионы атанды.

***

Сонымен бірге, Талдықорғанда таэквандодан ерлер мен әйелдер арасында Қазақстан біріншілігі өтті.

Атырау облыстық дене шынықтыру және спорт басқармасының баспасөз қызметінен білгеніміздей, жарыс нәтижесінде атыраулық спортшылар 1 алтын, 1 күміс және 4 қола медаль иеленді.

Атап айтқанда, 67 келіде Нұрай Құсайынова жеңімпаз атанды. Ал, Нұрай Бауыржанова (49 кг) ақтық кезеңге өтіп, күміске қол жеткізді.

Сондай-ақ, Айдана Еділбаева (46 кг), Айгүл Елубай (73 кг), Жадыра Хайруллина (73 кг) және Әли Қайырғалиев (58 келі) үшінші орынды қанағат тұтты.

Аман ШАМАР

2021 03 10 4a57fa12 eb11 4e03 93dd b78db1dd1522
2021 03 10 732e22b3 5643 4d11 9a93 6a84d4c88bd5

Related Articles

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button