Жаңалықтар
Атыраулық шекарашылар бекіре тасымалдағандарды ұстады
Атырау облысына қарасты шекара қызметшілері балық тасымалдаған қаскөйлерді қолға түсірді.
Оқиға 15 сәуір күні орын алған. Каспий теңізінің солтүстік жағалауы «Шалик» қыстауының маңында күдік тудырарлық іс әрекеттермен «Тайота» көлігі тоқтатылды.
Шекара наряды мен Исатай аудандық полиция қызметкерлерімен бірге тоқтатылған автокөлік тексерілді. Тексеру барысында жалпы салмағы 100 кг жуық «Қызыл кітапқа» енген бекіре тұқымдас (осетра) балық түрі болғандығы белгілі болды. Заң бұзушылардың мемлекетке келтірілген залал көлемі 45 млн теңгеге жуықтады.
Ұсталған азаматқа байланысты, Қазақстан Республикасының заң талаптарына сай сотқа дейінгі тергеу жүргізілуде.
Өмірбат Айтәлі,
Атырау облыстық департаментінің баспасөз хатшысы