Жарнама
ЖаңалықтарМәдениет

Атыраулық шебер айына алпыс домбыра жасайды (+ФОТО)

Өткен жылы «2021-2025 жылдарға арналған кәсіпкерлікті дамыту жөніндегі» ұлттық жоба бойынша мемлекеттен берілген 1 млн 350 мың теңге грант иегері атанған Фариза Бисембаева бүгінде қазақтың ұлттық аспабын жасау арқылы отбасылық кәсібін дамытып отыр, деп хабарлайды atr.kz тілшісі Өңірлік коммуникациялар қызметіне сілтеме жасап.

Жұмыстарын 2018 жылы қолға алған Ф.Бисембаеваның жолдасы Нұрлыбек Бисембаев алғашында шағын тапсырыстарды ғана қабылдаған екен. Ол ағаштан түйін түюді әкесінен үйреніпті. Мемлекет көрсеткен қолдаудың арқасында отбасылық кәсіпке жаңа дем беріліп, өнімділігі ұлғайған. Қазір шеберханада айына 60 жуық домбыра жасалады. Бизнес иелері тұрақты 4 адамнан бөлек, бірнеше тұрғынды уақытша жұмыстармен де қамтып отыр.

— Тапсырыс жеткілікті. Тек бәріне үлгеру керекпіз және күнделікті жұмысты уақытында аяқтауға тырысамыз. Домбыраны әсіресе музыкалық мектептер көп алады. Жеке тұрғындардан да сұраныстар бар. Қажетті материал жағынан қиындық жоқ. Жұмыс істеймін деген адамға мемлекет үлкен мүмкіндік беріп отыр,- деді кәсіпкер Н.Бисембаев. 

Шебер алдағы уақытта мемлекеттен қолдау болса, жұмысқа қажетті жаңа құрылғылар алып, кәсібін кеңейтуді мақсат еткен.

d 5
domb

Айта кетейік, 2023 жылы облыс бойынша 268 кәсіпкер мемлекет қолдауына ие болған. Грант алғандардың 118-і ауыл тұрғындары. Кәсіпкерлерге 369,7 млн теңге берілген.

Related Articles

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button