Жарнама
Жаңалықтар

Атыраулық құтқарушылар қайғылы оқиғаның алдын алды

Бүгін тұрғындардың судағы қауіпсіздігін қамтамасыз етуге бағытталған кезекті профилактикалық іс-шара барысында Атырау облысы Құлсары қаласының Қамыскөл көлі бойында ТЖД Жедел-құтқару жасағының бас құтқарушысы Адилбаев Нұрсұлтан және құтқарушы Сұлтангереев Асқар мас күйінде қауіпті аймаққа суға шомылып жүрген 3 ересек ер адамды байқады.
Шомылу кезінде азаматтардың бірінің өміріне қауіп төнді, қасындағы жолдастары жағаға шығаруға әрекеттенді. Алайда аталған азаматтар өздері де масаң күйде болғандықтан көмек көрсете алмады.
Құтқарушылар оқиға орнына дереу жетіп, зардап шегушіні жағаға шығарып, алғашқы медициналық көмек көрсетті. Кейін жедел-жәрдем қызметкерлеріне тапсырды.
Құтқарушылардың шұғыл әрекетінің нәтижесінде адам өмірі құтқарылды.

Құрметті Атырау облысының тұрғындары мен қонақтары! Қазіргі уақытта Жайық өзені өз арнасына әлі түскен жоқ, сол себепті ағыс қатты болғандықтан суға түсу өмірлеріңізге қауіпті! Судағы қауіпсіздік талаптарын қатаң сақтаңыздар!

Қ.ШӘКІРОВ

Related Articles

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button