Жарнама
Жаңалықтар

Атыраулық құтқарушылар өрттен ер адамды аман алып қалды

Атырау қаласында тұрғын үйге айналдырылған дүңгіршекте өрт шығып, ішінде ер адам қалып қойған. Құтқарушылар уақытында жетіп, оны аман алып шықты.

Облыстық төтенше жағдайлар департаменті имидждік жұмыс және сыртқы коммуникациялар тобының хабарлауынша, оқиға бүгін, 17 наурызда сағат 08:57-де Азаттық даңғылында орналасқан дүңгіршектен өрт шыққаны туралы хабарлама түскен. Аталған департаменттің өрт сөндірушілері оқиға орнына дереу жетіп, жалынды сөндіруге кірісті.

–Аумағы 30 шаршы метр болатын дүңгіршекте жиһаз бен тұрмыстық заттар отқа оранған. Құтқарушылар контейнер ішінде қалып қойған 1958 жылы туған ер адамды аман алып шығып, жедел жәрдем қызметіне тапсырды. Ол ауыр дене жарақаттарымен ауруханаға жеткізілді. Сондай-ақ оқиға орнында Атырау облысы жедел медициналық жәрдем қызметінің психологы зардап шегушінің туыстарына психологиялық қолдау көрсетті, — делінген хабарламада.

Айта кету керек, өрт сағат 09:24-те толықтай сөндірілді. Қазір оқиғаның себебі анықталып жатыр. Өрт сөндіру жұмыстарына 9 құтқарушы мен 3 техникасы жұмылдырылған.

Алтыншаш ҚҰРМАШЕВА

Related Articles

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button