Атыраулық қаламгерлердің кітабы Bookmate қосымшасына жүктелді
Бұған дейін Атырауда қазақ әдебиетін, соның ішінде жергілікті жазушыларымыздың туындыларын аудио нұсқаға аударып, танымал платформаларға жүктеу жұмыстары алға қойылған болатын. Осы жұмысты іске асыруда Bookmate қосымшасымен келісімге келіп, алғашқы 4 кітаптың аудио нұсқалары жасалып, қосымшаға жүктелді. Бұл туралы облыс әкімінің орынбасары Жасұлан Бисембиев хабарлады.
Оның айтуынша, алдағы уақытта платформаға тағы 30-дан астам кітап енгізіледі.
-Жобаны ұйымдастырып, жаңа технологиялармен қазақ әдебиетін ұштастырып келе жатқан ақын, Жазушылар одағының Атыраудағы филиалының басшысы Әлия Дәулетбаеваға ерекше алғыс айтамын. Бұл бастама – әкімдіктің жүзеге асырып келе жатқан көптеген жобаларының бірегейі. Жоба белсенді азаматтардың ұсыныстарымен басталды. Олардың сәтті жүзеге асуы үшін қоғамның назарында болуы маңызды, — дейді Жасұлан Орақұлы.
Алтыншаш НӘСІПҚАЛИҚЫЗЫ