Атыраулық полицейлер жасөспірімді үйлеріне қайтарды

img 20210628 wa0099 Жаңалықтар

Атыраулық полицейлер бір тәулікте хабар-ошарсыз кеткен бес жасөспірімді үйлеріне қайтарды.

24 маусым күні бір тәулікте Атырау қаласы Полиция басқармасының 102 операторына жасөспірімдердің өздерінің тұрғын-жайларынан хабар-ошарсыз кету фактісі бойынша 5 хабарлама келіп түскен.

Оның ішінде 4 жасөспірім үйінің алдынан шығып кетіп,  өзінің аумағынан алшақтап  жоғалған болса, 1 жасөспірім ата-анасымен сөзге келіп, тұрғылықты мекен-жайынан шығып кеткен.

Аталған оқиғалар бойынша барлық жасөспірімдер полиция қызметкерлерімен 2-3 сағат ішінде табылып, ата-аналарына табысталды.
Мысалы, 2021 жылдың 24 маусым күні сағат 21:22 шамасында 102 операторына 32 жастағы қала тұрғыны қоңырау шалып,  “Қара өзек” көшесінде  өзінің 4 және 5 жастағы жасөспірім ұлдары ойнап жүріп, белгісіз бағытқа кетіп қалғандығын айтып хабарлаған. Аталған хабарлама бойынша, 2 жасөспірімді  полиция қызметкерлері іздеп, аман-есен ата-анасына табысталды.

Өз кезегінде Атырау қаласының полицейлері ата-аналарға қырағы болуды және балаларын қараусыз қалдырмау қажеттігін ескертеді.

Балаларыңыз немесе жақындарыңыз адасып, жоғалған жағдайда тез арада
“102” телефоны арқылы полицияға хабарлаңыз.

Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз