
Жаңалықтар
Атыраулық полицейлер ұрланған қару-жарақтарды анықтады
28 ақпан облыстық ПД қызметкерлері Ақсай елдімекені тұсындағы Жайық өзенінің жағалауында Қаңтар оқиғасы кезінде ұрланған қару-жарақтың сақталған жерін анықтады.
Тексеру кезінде Атырау ОПД Жылдам қимылдайтын арнайы жасағына тиесілі Форт — 500М мылтығы, 3 дана 12 мм калибрлі патрондар, 2 ГСЗ ДК-130 ГСЗ граната, 1 ПР 54 резеңке таяқша және жеке қорғаныс құралдары, оқ өтпейтін кеудеше, каскалар тәркіленді.
ҚР ҚК 287-бабының 2-бөлігімен қылмыстық іс қозағалып, сотқа дейінгі тергеп-тексеру жұмыстары басталды.