Жарнама
Жаңалықтар

Атыраулық полицейлер өртенген үйден жеті жасөпірімді эвакуциялады

21 желтоқсан күні Құрманғазы ауданы ПМК-25 елді мекенінде орналасқан екі қабатты жатақханадан өрт шыққан.

Жалын шарпыған үйді байқаған Құрманғазы аудандық полиция бөлімі патурльдік полиция тобының қызмет инспекторлары  Бекжан Мұратқалиев және Нұрболат Қабасов оқиға орнына дереу келіп,өрттің екінші қабаттан шығып жатқанын байқаған. Тәртіп сақшылары өрт сөндірушілерімен бірлесіп, адам өміріне төнген қауіпті бірге ауыздықтады. Қызметкерлердің жедел әрекеті нәтижесінде өртке оранған үйден жеті жасөспірім баланы алып шығып, жедел-жәрдем көлігі келгенге дейін қызметтік автокөлікке әкеліп, алғашқы медициналық көмек көрсеткен.

— Адам өміріне қауіп төнген уақытта ойлануға уақыт жоқ. Сын сағатта дереу әрекет етпесек кеш қалуымыз мүмкін еді. Оқиға орнына келген кезде өрттің екінші қабаттан шыққанын байқап, дереу әрекет етіп, үй ішінде қалған жеті жасөспірімді аман сау сыртқа шығарып, алғашқы медициналық көмек көрсеттік. Шұғыл шешім қабылдаудың нәтижесінде жарақат алған адам болмады, — дейді өрт ішінен жасөспірімдерді алып шыққан қос полицей Бекжан мен Нұрболат.

Related Articles

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button