Томарлы ауылында тігіншілікті оқытатын орталық ашылды (+ФОТО)

2102090759285401g Жаңалықтар

Атырау қаласының әкімдігі орталықты арнайы орынмен және облыстық мәслихат депутаты, «Азаматтық Альянс» қоғамдық бірлестігінің жетекшісі Әлібек Семғалиев тігін құралдарымен қамтамасыз етіп отыр, деп хабарлайды Atr.kz тілшісі.

«Бұл – кішкентай балаларын тәрбиелеп отырған, мүмкіндігі шектеулі әйелдерді жұмыспен қамтудың бір түрі. Енді сондай әйелдер киім тігуді үйренуге, отбасылық бюджетін толықтыруға жақсы мүмкіндік алып отыр» дейді халық қалаулысы.

– Іс тігу курсына 15 әйел жазылған. Оның ішінде үш әйел – ІІ топтың, бір әйел – ІІІ топтың мүгедегі. Үшеуі – көп балалы ана. Енді олар тегін дәріс алады. Киім тігу бизнесі – шығармашылық, дизайнерлік идеяларды жүзеге асыратын мүмкіндіктің бірі. Мұндай қызмет түрі табыс табудың көзі бола алады. Мұнда әйелдер отбасы мүшелері үшін қажет киімнің түрлерін пішуді, тігуді үйренеді. Қазақтың ұлттық киімдерін тігу тәсілдерін меңгереді, – дейді орталық жетекшісі Гүлсім Биташева.

210209075719418e
2102090759297802g
2102090759268300g
Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз