Жарнама
Жаңалықтар

Атыраулық полицейлер өрт шыққан пәтерден 25 адамды эвакуациялады

19 мамыр күні сағат 11:40 шамасында Атырау қаласы Әйтеке би көшесінің орналасқан 15 қабатты үйдің дәлізінің қосалқы бөлмесінде өрт шыққан.

Жалын шарпыған үйге Атырау қалалық Полиция басқармасының аға учаскелік полиция инспекторлары полиция майоры Самалбек Бегалиев пен полиция аға лейтенанты Асыланбек Жолай оқиға орнына дереу келіп,өрттің үшінші қабаттан шығып жатқанын байқаған. Тәртіп сақшылары Төтенше жағдай қызметкерлерімен бірлесіп, адам өміріне төнген қауіпті бірге ауыздықтаған. Қызметкерлердің жедел әрекеті нәтижесінде өртке оранған үйден 2 зейнеткер, 10 жасөспірім (оның ішінде 4-уі нәресте) мен 13 пәтер тұрғының қауіпсіз жерге шығарылып, нәтижесінде 25 адам эвакуацияланды

— Адам өміріне қауіп төнген уақытта ойлануға уақыт жоқ. Сын сағатта дереу әрекет етпесек кеш қалуымыз мүмкін еді. Оқиға орнына келген кезде өрттің үшінші қабаттан шыққанын байқап, Төтенше жағдай қызметкерлерімен дереу әрекет етіп, үй ішінде қалған 25 тұрғынды сыртқа шығардық. Шұғыл шешім қабылдаудың нәтижесінде жарақат алған адам болмады,-дейді өртті ауыздықтаған қос полицей Самалбек пен Асыланбек.

Related Articles

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button