Атыраулық полицейлер есірткі сақтаған күдіктіні ұстады
26 ақпан күні Атырау қаласының полиция басқармасы №2 ҚПБ-нің кезекші бөліміне Береке ықшам ауданында орналасқан пәтерлердің бірінде белгісіз азаматшаның есірткілік, психотроптық заттарды заңсыз дайындап, сақтағаны туралы хабарлама келіп түскен.
Аталған хабарлама бойынша мекен-жайды тексеру кезінде әсері жоғары 7 дана трамадол, 3 дана тропикамид дәрі-дәрмегінің бос бөтелкесін, дәрігердің рұқсатымен берілетін “Сомнол” дәрі-дәрмегі және целлофанға оралған қара түсті өзіне тән иісі бар психотроптық есірткіге ұқсас зат табылған. Бұдан бөлек, 14 дана белгісіз азаматтардың жеке басын куәландыратын түрлі құжаттары, 6 дана еңбек кітапшасы және 3 074 000 ақша қаражаттары табылып, тәркіленді.
Қазіргі уақытта аталған дерек бойынша Қылмыстық кодексінің 296-бабы 2-бөлігімен сотқа дейінгі тергеп тексеру амалдары жүргізілуде. Өзге ақпарат ҚР Қылмыстық-процестік кодекстің 201 бабына сәйкес жариялануға жатпайды.