Жарнама
ЖаңалықтарБЕЙНЕЖАЗБА

Атыраулық полицейлер 300 келіге жуық заңсыз балық тасымалдаушыны анықтады

Атыраулық полицейлер облыс аумағында өткізіліп жатқан “Қауіпсіз дөңгелек” іс-шарасы кезінде 300 келіге жуық заңсыз балық тасымалдаған ер адамды ұстады.

«26 қаңтар күні Атырау-Астрахань тасжолының Қара өзек елді-мекені тұсында 39 жастағы азаматтың басқаруындағы Lada Largus автокөлігінен 255 келі болатын (24 келі шортан, 24 келі сыла, 5 келі жайын және 202 келі сазан) балықтар анықталып, тәркіленді», — деп хабарлады облыстық Полиция департаменті.

Аталған дерек бойынша автокөлік жүргізушісіне қатысты ҚР ӘҚБтК-нің 389 бабы бойынша әкімшілік хаттама толтырылды.

https://fb.watch/inqgNLwfq2/?mibextid=cr9u03

Related Articles

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button