Жаңалықтар
Атыраулық полицейлер 2500-ге жуық ақбөкен мүйіздерін тәркіледі
Береке ықшам ауданында орналасқан тұрғын үйлердің бірін тексеру барысында жалпы салмағы 500 келіден асатын 2421 дана ақбөкен мүйіздері анықталған.
Атырау облыстық ПД баспасөз қызметінің хабарлауынша, қазіргі таңда 32, 36 және 37 жастағы күдіктілер ұсталды. Келтірілген залал құны — 6 млрд 264 млн теңгеден астам.
Аталған дерек бойынша ҚР Қылмыстық кодексінің 339 — бабы 1 — бөлінімен қылмыстық іс қозғалып, сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүргізілуде.
Өзге ақпарат ҚПК-тің 201 бабына сәйкес жариялануға жатпайды.