Жарнама
БілімЖаңалықтар

Атыраулық оқушылардың әлеуметтік жобасы үздік үштікке енді!

Аtr.kz/25 мамыр, 2020 жыл. Атыраудағы Назарбаев Зияткерлік мектебінің 10-сынып оқушылары «Жастар арасындағы үздік әлеуметтік жоба» байқауында жүлделі ІІ орынға ие болды.

Атырау қаласының әкімдігі, Chevron және British Council-ң қолдауымен өткізілген “I-SEED” жобасы аясында кезекті конкурс аяқталды. Жас кәсіпкерлерді ынталандыруға арналған конкурс биыл алғаш рет онлайн-режимде өтті. Оған аймақтағы жетекші мектептердің оқушылары мен колледж студенттері қатысты.

Назарбаев Зияткерлік мектебінің оқушылары байқауға “Yqpal” деп аталатын мобильді қосымшаны ұсынған. Оқушылардың сөзіне сүйенсек , жаңа мобильді бағдарлама қала тұрғындары арасында қолданыстан қалған тұрмыстық қатты қалдықтарды қайта игеру мүмкіндік бермек. Оқушылар ұсынып отырған идея – Қайтадан қолдануға мүмкіндігі жоқ тауарларды қайта өңдеу немесе екінші реттік шикізатқа айналдыруға бағытталған. «Ықпал» қосымшасы арқылы кез-келген қала тұрғыны өзіне қажет емес қатты тұрмыстық қалдықтарды (техника, қосалқы бөлшектер мен киім-кешектерді) тапсыру арқылы пайда табуына болады. Осылайша қосымша арқылы оқушылар қоршаған ортаға тастаталын қалдықтарды азайтудың жолын ұсынады.

01 1
02

Лаулан Икар, Ерасыл Құрманәлиев, Нұржан Мейрамұлы мен Санжар Қайриденовтар кез-келген өнімді қоқысқа тастаудың орнына оны қайта өңдеп екінші рет қолдануға болады дейді. Бұл ойды жүзеге асыру үшін  “Yqpal” мобильдік қосымшасы өзінше септігін тигізбек.

Естеріңізге сала кетсек, бұл атыраулық оқушылардың аталмыш жобадағы алғашқы жетістігі емес. Ағымдағы жылдың ақпан айында Назарбаев Зияткерлік мектебінің 11-сынып оқушылары Камилла Айтжанова, Арута Срымова мен Назерке Баймұхановалар Бас-жүлдеге ие болған еді. Олар “EduCare” жобасы арқылы аз қамтылған отбасылардың балаларын мектепке дейінгі және бастауыш сыныпта қолдаудың тың әдістемесін ұсынды.

03 2
04

Ақпарат пен суреттерді мектептің баспасөз қызметі ұсынды

Related Articles

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button