Жарнама
Жаңалықтар

Атыраулық оқушыларды қашықтан оқытуға байланысты оқыс оқиға орын алған жоқ

atr.kz/2қазан, 2020 жыл. Атырау облысындағы мектеп оқушыларына қатысты  орын алған оқыс оқиғалар әлеуметтік желілерде жариялағандай қашықтан оқытудағы интернет желісіне еш қатысы жоқ екендігін хабарлайды, Атырау облыстық Білім беру басқармасының баспасөз қызметі.

Атырау облыстық Білім беру басқармасының мәліметінше, 2020 жылы 27 қыркүйек күні  Қызылқоға ауданы Жантерек елді мекеніндегі  штаттық  режимде жұмыс жасайтын  № 75 бастауыш мектептің 3-сынып оқушысы 27   қыркүйекте  қырдағы  атасының  үйіне  барғанда, трактордан құлап қолын ауыртып алған. Қолы ауырған соң, анасы Атырау қаласына әкеліп, қолына гипс салдырған. Қазіргі кезде баланың жағдайы жақсы. Мектептегі сабағына қатысып жүр.

Сондай-ақ, Атырау қаласы Тасқала елдімекенінде тұратын  №32 орта мектебінде оқитын 9 сынып оқушысы болса 1 қазан күні өз үйінің ауласында жаңадан салынып жатқан үйдің үстіне көмектесу үшін шығып, байқаусызда құлап қолын сындырып алған.  Қазіргі таңда облыстық балалар ауруханасында ем алып жатыр. Сабаққа қашықтан оқып отыр. Жағдайы жақсы.

Related Articles

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button