Шөп тиелген камаз тіркемелерімен бірге жанып кетті

tlwunsg p8i Жаңалықтар

Atr.kz/20 тамыз, 2020 жыл. Атырауда «КамАЗ» шөп тиелген екі тіркемесімен бірге өртеніп кетті.

Атырау облыстық Төтенше жағдайлар департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, кеше, 18 тамызда сағат 17:30 шамасында жүк көлігі екі тіркемесімен бірге өртке оранған.

  • «Бұл оқиға Қызылқоға ауданындағы Мұқыр ауылдық округіне қарасты Тасқұдық елді мекенінің тұсында, өрт сөндіру бөлімінен 70 шақырым қашықта болған. Соған қарамастан, өрт сөндірушілер оқиға орнына жетіп, қызыл жалынды сөндіруге кірісті. Өрт салдарынан шөп тиелген екі тіркеме толығымен жанып кетті. Ал, «КамАЗ» көлігі ішнара бүлінді» деп хабарлады департаменттің баспасөз қызметі.
Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз