Жарнама
ЖаңалықтарБілімМәдениет

АТЫРАУЛЫҚ ОҚУШЫЛАР ТАНЫМАЛ МУЛЬТФИЛЬМДЕРДІ ДЫБЫСТАУДА

Танымал мультфильм кейіпкерлері қазақ тілінде сөйлейді.

Қазақ тілді контентті дамыту және дубляж жұмысын насихаттау мақсатында Назарбаев Зияткерлік мектебінің бір топ оқушылары анимациялық фильмдерді қазақ тіліне аудару арқылы дыбыстауды қолға алды.
– Қашықтықтан оқытуға ауысқаннан бері бізде уақыт әлдеқайда көбейді. NIS Graphics клубының мүшелері арасындағы байланысты жоғалтпау үшін біздер ағымдағы жылы бірнеше мультфильмдерді қазақ тіліне аударуды және оларды дыбыстауды қолға алдық, — дейді клубтың негізін қалаушы, Назарбаев Зияткерлік мектебінің 10-сынып оқушысы Аружан Елдосова.
Жас дубляжшылардың тырнақ алды бастамаларының арасында «Менің кішкентай Пони», «Суық жүрек» және «Суперкрошка» атты мультфильмдері бар. Мектеп оқушылары анимациялық кейіпкерлердің әңгімесін ілеспе аударып мазмұнды өнім дайындау үшін тәжірибе жинауда.
– Жалпы дубляждың сапасы талапқа сәйкес болуы белгілі дағдыларға байланысты. Мысалы, кейіпкерлердің мінезі мен эмоциясын жеткізу үшін толық рөлге ену керек. Болашақтағы жоспарымыз дыбыстауды сапалы деңгейге жеткізу арқылы әлдеқайда ұзақметражды фильмдерді қазақ тіліне аудару, — деді әуесқой дыбыстаушылар.
Зияткерлік мектеп оқушыларына сөзінше, елімізге кейбір шетелдік медиа өнімдер кеш жеткізіледі. Ғаламторда қазақстандық көрермен үшін ана тілімізге аударуды қажет ететін материалдар әлі көп. Осылайша атыраулық оқушылар интернет кеңістігінде ана тіліміздегі медиа өнімдердің көп болуын мақсат етеді.

Related Articles

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button