Атыраулық оқушылар қысқы демалыстарын емдеу пансионатында өткізуде
Атырау облысының 122 оқушысы қысқы демалыстарын Ресейдің Железноводск қаласында орналасқан “Қазақстан геологі” емдеу пансионатында өткізіп жатыр. Бұл туралы облыстық білім беру басқармасының баспасөз хатшысы Эльмира Тұңғатарова хабарлады.
30 желтоқсаннан бастап пансионатқа жолдама алған балалар үшін ерекше бағдарлама ұйымдастырылған. Олар емдеу және сауықтыру процедураларымен қатар мәдени-көпшілік шараларға, спорттық сайыстарға қатысып, тарихи орындарға саяхат жасайды.
Оқушылар күніне бес мезгіл нәрлі және құнарлы тамақпен қамтамасыз етілген. Сонымен қатар, “Қазақстан геологі” пансионатының аумағында орналасқан минералды су бюветі денсаулыққа өте пайдалы деп саналады.
Мұндай демалыс балалардың денсаулығын нығайтып, танымдық көкжиегін кеңейтуде және жаңа жылды ерекше жағдайда қарсы алуға мүмкіндік береді.
Алтыншаш НӘСІПҚАЛИҚЫЗЫ