Жарнама
Жаңалықтар

Атыраулық оқушылар өсімдіктерді топырақсыз өсіруді қолға алды

«Білім-Инновация» лицейінің 10-сынып оқушылары Алмас Ерланұлы мен Артур Закария гидропоника мен микоризаны біріктіру әдісіне сүйеніп, өсімдіктерді арнайы құрылғы арқылы жасанды ортадағы физиологиялық ерітінділердің көмегімен өсіреді. Олар мұндай ғылыми жобамен төрт айдан бері айналысуда. Бұл туралы Өңірлік коммуникациялар қызметі хабарлайды.

–Түрлі өсімдіктерді арнайы құрылғыда өсіреміз. Оларға аппараттың ортасындағы сорғыш арқылы түрлі минералды су барып тұрады. Кейін өсімдіктегі қышқыл мен дәрумендердің артып немесе көбейіп кетпеуін қадағалап отырамыз. Құрылғының жан-жағында жасанды жарық орналастырылған. Ол таймер арқылы автоматты түрде жұмыс жасайды. Яғни, өсімдік 14 сағат жарықта, 10 сағат қараңғыда тұрады. Жалпы айтқанда түрлі көкөністер мен жемістерді бұл құрылғыда өсіру, оны бақылау көп уақыт алмайды және бөлменің аз ғана орнын алады, — деді Артур Закария.

Оқушылар еліміздің биология саласында гидропоника мен микориза көп зерттелмегендіктен, жобаларын осы бағыттағы алғашқы зерттеуге балап отыр. Олар бүгінге дейін базилик, руккола, салат жапырағы мен бұршақ өсірген.

–Біз зерттеуімізді облыстық ғылыми жобалар байқауында қорғап, республикаға жолдама алдық. Дода ақпанның 28-інде Ақтөбеде өтеді. Гидропоника әдісі арқылы өсімдікті өсірудің пайдасы көп. Атап айтсақ, көп энергия алмайды, жылдам өседі, өнімге құрт-құмырсқа зиян келтірмейді, жылыжай сияқты көп орын алмайды, — деді Алмас Ерланұлы.

Оқушылардың жетекшісі, «Білім-Инновация» лецейінде биология пәнінің мұғалімі Қуандық Абдешовтің айтуынша, бұл құрылғыны Қытайдан үлгі ретінде алдырған. Болашақта оқушылар аппаратты өздері жасап, мектепке үш-төртеуін орнатуды жоспарлап жүр.

Related Articles

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button