Атыраулық оқушы қатарынан екі рет автокөлік ұтып алды
Құрманғазы ауданының тұрғыны Алтынбек Хамит Қарақұс есімді атымен осымен екінші рет темір тұлпар ұтып алып отыр. Бұл жолы аламан бәйге Батыс Қазақстан облысы Теректі ауданының 90 жылдығына арналды, деп хабарлайды AtyrauPress.
Құрманғазы ауданы әкімінің баспасөз қызметі хабарлағандай, Аламан бәйгеде мұндай жетістікке Өрлі ауылының шабандозы Еркеш Жарылғасұлы септігін тигізіп, 36 шақырым қашықтықта бірінші орынды жеңіп алып, бас жүлдені — автокөлікті қанжығасына байлады. Қарақұс есімді жылқысы екінші рет иесіне көлік ұтып алды. Биылғы күзде Батыс Қазақстан облысы Шыңғырлау ауданының 95 жылдығына арналған бәйгеде жеңімпаз атанған еді.
Алтынбек Хамиттің жылқы шаруашылығымен айналысқанына екі жылдан асты.
«Жарыста сәттілік тек аттың жылдамдығы мен төзімділігіне ғана байланысты емес. Шабандоздың шеберлігі де үлкен жетістікке жеткізеді. Ауылымыздың жас тұрғыны Еркеш Жарылғасұлы екінші рет тамаша нәтиже көрсетті. Ал Мерей Исин мен Жандарбек Ажы жылқы баққан. Бұл біздің ортақ жеңісіміз», – дейді Алтынбек Хамит.
Эльмира МЫҚТЫБАЕВА