Жарнама
Жаңалықтар

Атыраулық оқушы халықаралық ән байқауында жеңіске жетті

Нұрғиса Тілендиев атындағы мамандандырылған мектеп-гимназия интернатының оқушысы Дильназ Ежірова Грецияда өткен “Greece Hope” халықаралық фестивалінде бас жүлдені жеңіп алды.

Облыстық білім беру басқармасының баспасөз қызметінің хабарлауынша, байқауда әлемнің 19 елінен келген жас өнерпаз өз өнерлерін көрсеткен. Атыраулық 13 жасар Дильназ ағылшын тілінде орындаған “Love Story” әні арқылы қазылар алқасын тамсандырды. Оның ерекше дауысы мен сахнадағы харизмі қатысушылар арасында ерекшеленді.

Дильназ — бұған дейін де республикалық және халықаралық байқауларда үздік нәтиже көрсеткен, талантты шәкірт. Ол білікті ұстазы Алма Нұрашеваның жетекшілігінде вокал өнерін дамытуды жалғастыруда.

-Дильназдың бұл жеңісі оның шығармашылығындағы жаңа жетістік және Қазақстанның мәдениетіне қосылған зор үлес. Еліміздің атын әлемге асқақтатқан жас әнші болашақта да өнер жолында жаңа жетістіктерге жетері сөзсіз. Өйткені, Дильназ — нағыз талант, — дейді ұстазы Алма Нұрашева.

Алтыншаш ҚҰРМАШЕВА

Related Articles

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button