Жаңалықтар
Атыраулық мемлекеттік қызметкерлер қайырымдылық акциясын өткізді
Atr.kz/14 желтоқсан, 2019 жыл. Еліміздің тәуелсіздігі күні қарсаңында атыраулық мемлекеттік қызметкерлер әлеуметтік жағдайы төмен екі отбасына материалдық көмек көрсетілді.
Екі отбасының да тұрақты баспанасы мен тұрақты жұмысы жоқ. Кәмелеттік жасқа толмаған балалары бар. ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Атырау облысы бойынша департаментінің басшысы Расул Махмудұлы ұжым атынан материалдық көмекті отбасыларға өзі табыстады.
«Біздің мақсатымыз — қамкөңіл жандарға жүрек жылуын сыйлау» дейді мемлекеттік қызметкерлер.