Жарнама
Жаңалықтар

Атыраулық Кенжешовтер әулеті республикалық «Мерейлі отбасы» конкурсының жеңімпазы атанды

«Ынтымағы жарасқан отбасыларды марапаттау рәсімі Мемлекеттік хатшы Қырымбек Көшербаевтың қатысуымен онлайн форматта өтті, барлық аймақтар бейнебайланыс арқылы салтанатты жиынға қосылды» деп хабарлайды Атырау облысының өңірлік коммуникациялар қызметі.

Пандемияға байланысты, онлайн форматта өткен марапаттау рәсімінде Президент Қасым – Жомарт Тоқаевтың құттықтауы оқылды.

«Мерейлі отбасы» ұлттық конкурсы — ​ халқымыздың біртұтас ұлт ретінде ұйысуына негіз болып отырған, отбасы құндылықтарын дәріптейтін айтулы бәйге. Биылғы байқау қастерлі Тәуелсіздігіміздің 30 жылдығына орай ұйымдастырылуда. Ұрпақ бойындағы адамгершілік пен адалдық, еңбекқорлық пен мейірімділік, ұлтжандылық пен отаншылдық сияқты асыл қасиеттердің барлығы ең алдымен​ отбасында қалыптасады» делінген құттықтауда.

Басты жаңалық – биыл жеңімпаздар бірінші рет 17 облыс бойынша анықталып отыр. Және 17 аймақ бойынша үздік шыққан жеңімпаздарға Мемлекет басшысы атынан 5 миллион теңгенің сертификаттары салтанатты жағдайда табыс етілді.

Іс-шара аяқталған соң аймақ басшысы Махамбет Досмұхамбетов республикада топ жарған мерейлі шаңырақ — Кенжешовтерді құттықтап, арнайы сыйлықтар табыс етті.

«Отбасы – шағын мемлекет. Ынтымағы мен берекесі жарасқан өздеріңіздей отбасылар қоғамға үлгі. Қоғамдағы тыныштық пен ынтымақтың тірегі» деді Атырау облысының әкімі Махамбет Досмұхамбетов.

Республикада топ жарған атыраулық​ отбасының тірегі Құрманбек Кенжешов. Отанасы Гүлден Мұхамеджанова. Отасқандарына 46 жыл толған мерейлі шаңырақ иелері темір жол саласында 40 жылдан астам уақыт еңбек еткен. Жеті баланы өмірге әкелген әке мен ана 7 немере, 9 жиен, 2 жиеншар сүйіп отыр.

whatsapp image 2021 09 10 at 12.32.04

Исатай ауданында тұратын қарапайым еңбек адамдары осылайша бүгінде мерейі тасыған алып шаңыраққа айналып, дүйім елге үлгі болуда. ​

Еске сала кетелік, «Мерейлі отбасы» ұлттық конкурсы Елбасы, ​ Тұңғыш Президент Нұрсұлтан Назарбаевтың бастамасымен жыл сайын өтіп келеді. Күні бүгінге дейін аталмыш байқауға еліміз бойынша 15 мыңнан астам отбасы қатысты. Отбасы, ұлттық құндылықтарды, әке мен ана, ата мен әже, ұрпақ тәрбиесі институтын дәріптеуге арналған конкурс шын мәнінде ұлттық сипатқа ие болды.

Ұлттық байқау жыл сайын «Отбасы күні» мерекесі қарсаңында қорытындыланып келеді.

Related Articles

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button