
Жаңалықтар
Атыраулық кәсіпорын жергілікті тұрғындарға 10 миллион теңге бөледі
Atr.kz/23 наурыз, 2020 жыл. «НефтеСтройСервис» ЖШС Төтенше жағдай кезінде облыс тұрғындарын дәрі-дәрмек, азық-түліктермен қамтамасыз ету үшін 10 миллион теңге көлемінде қаржы бөледі, деп хабарлайды Атырау облысының Өңірлік коммуникациялар қызметі.
Аталған кәсіпорын Елбасы үндеуін қолдап, атыраулықтардың денсаулығын сақтауда қажетті дәрі-дәрмек, азық-түліктермен қамтамасыз ету үшін қаржылық көмек беруді жөн көріп отыр.
— Біз «бір жағадан қол, бір жеңнен бас шығарсақ» қана бұл сынақтан аман-есен шығамыз. Сол үшінде осындай қиын-қыстау жағдайда халыққа қолдау көрсетіп, қаржыландыруды жөн көріп отырмыз, — дейді «НефтеСтройСервис» ЖШС директоры Бекет Оспанов.