Атыраулық кәсіпорын медициналық қызметкерлерге антибактериалды құралдар мен жеке тамақтану жиынтығын алып берді (+ФОТО)

whatsapp image 2020 04 04 at 14.05.57 1 COVID-19: Соңғы поштадан...

Atr.kz/4 сәуір, 2020 жыл. «NOMAD SYNERGY» ЖШС 2-ші облыстық аурухана мен қалалық жедел-жәрдем станциясының ұжымына қажетті құралдар жиынтығы мен ыстық тағам жеткізді, деп хабарлайды Атырау өңірлік коммуникациялар қызметі.

 Аталған компания қауіпті індетпен күресіп жатқан мамандарға 1000 жұп медициналық қолғап пен HC-1 хирургиялық жиынтықтың 30 данасын алып берді. Сонымен қатар,  450 қызметкерге толық түскі ас таратты. Айта кетейік, «NOMAD SYNERGY» компаниясы карантин режимі басталғалы екінші мәрте материалдық көмек көрсетуде. 

– Компания ұжымы мен қала тұрғындары атынан дәрігерлерге пандемиямен күрестегі қажырлы еңбегі үшін алғыс айтамын және бұл – біздің еліміз үшін қиын-қыстау кезеңде қосқан аз ғана үлесіміз. Вирусты бірге жеңеміз! -деді, компания директоры Қанат Раушанов.

whatsapp image 2020 04 04 at 14.05.55 1
whatsapp image 2020 04 04 at 14.05.56 1
whatsapp image 2020 04 04 at 14.05.57 2
whatsapp image 2020 04 04 at 14.05.56 2
whatsapp image 2020 04 04 at 14.05.55
whatsapp image 2020 04 04 at 14.05.56 3
whatsapp image 2020 04 04 at 14.05.56
whatsapp image 2020 04 04 at 14.05.57
http://atr.kz/bez-rubriki/atyraudaғy-shekteu-beketterine-politsiya-men-birge-әskeriler-tartyldy/
Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз