
COVID-19: Соңғы поштадан...ЖаңалықтарФОТОГАЛЕРЕЯҚоғам
Атыраулық кәсіпкерлер Елбасы үндеуін қалай қолдады? (+ФОТО)
Atr.kz/3 сәуір, 2020 жыл. Бизнес өкілдері “Біз біргеміз” науқаны аясында өңірдегі жалғызбасты, мүмкіндігі шектеулі, зейнеткерлерді толық түскі аспен қамтуды қолға алды.
Игі іске бастаған кәсіпкерлер қала әкімдігі және “НұрОтан” партиясының қалалық филиалымен бірлесіп 165 мекен-жайды анықтаған. Бүгіннен бастап, әкімдік өкілдері мен әлеуметтік қызметкерлер үйді-үйді аралап, толық түскі ас таратты.
— Елбасының үндеуі Атырауда да қолдау тапты. Nomad MMA Республикалық федерациясының президенті Гаджиев Гаджи SOSR-мен бірлескен науқаны Алматы, Қарағанды қалаларынан бастау алып, Атырауда жалғасын тапты- деді, қала әкімінің орынбасары Ұлықбек Тналиев
Айта кетейік, бұл шара карантин режимі аяқталғанша жалғасады.
«АӨК қызметі»










