Атыраулық кәсіпкерлер 1000-ға жуық отбасын жыл бойына азық-түлікпен қамтамасыз етеді

1 9 Жаңалықтар

«Бұл туралы «30 игі іс» республикалық қайырымдылық марафонының ресми ашылуы кезінде белгілі болды» деп хабарлайды Atr.kz

Игі іске Атырау қалалық мәслихатының және аудандық мәслихат депутаттары атсалысқалы отыр.

Мәселен, Атырау қалалық мәслихатының 18 депутаты 18 аз қамтылған отбасын жыл бойы азық-түлік себетімен қамтамасыз етіп отырады.  «Си Си Компаниясының» өкілі, жылыойлық Орақ Әнуарбекұлы 100 отбасын қамқорлығына алып отыр. Ол осынша жанұяға жыл бойына тұрақты түрде азық-түлік жеткізіп отырмақ. Индерлік жергілікті мәслихат депутаты, жеке кәсіпкер Ақжібек Керімбайқызы 100 отбасын азық-түлікпен жыл бойына қамтамасыз етпек.

Жалпы, қала және аудандарда жыл бойына 1000 мұқтаж отбасы жыл бойына азық-түлікпен қамтамасыз етілетін болады. Бұл Тәуелсіздігіміздің 30 жылдық датасы аясындағы қайырымдылық акциясы кезінде атқарылатын жұмыстардың бір парасы ғана.

Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз