Атыраулық ғалым репрессия құрбандары туралы тың дерек жариялады
Саяси қуғын-сүргін құрбандарын ақтау жөніндегі республикалық комиссияның семинарында өзге құрбандармен қатар сайлау құқығынан айырылған азаматтар да ақтауға жатқызылатыны айтылды. Бұл – өте дұрыс бастама.
Өйткені, осы уақытқа дейін республика бойынша 1920-1930 жылдары кеңес өкіметінің пәрменімен сайлау құқығынан айырылған азаматтар ақталған жоқ. Ал, олардың саны тек Атырау облысы бойынша 3 мыңнан асады. Сорақылығы сол, сайлау құқығынан айыратын адамдарды анықтаған кезде кеңестік «конвейер» «жарамсыз элементтерді» ақылға сыймайтын санаттар арқылы жіктеген.
«Жарамсыз элементтер»
Одақ бойынша сайлау құқығынан азаматтарды айыру мақсатында еңбек ш і л е р д і ң 6 к а т е г о р и я с ы белгіленсе, жергілікті әпербақан шенеуніктер олардың санын 32-ге жеткізді. Мысалы, Редут селосы бойынша «жарамсыз элементтер» тізіміне 45 азамат кірді. Олардың 95%-ы – орыс ұлтының азаматтары. Соған қарамастан, олардың 13-і орыс қоғамында ешқашан болмаған «ақсақалдар» санатына жатқызылған. Ә д е т т е , қ а з а қ ы ұ ғ ы м д а ғ ы ақсақалдар – өте құрметті адамдар, орта жастан асқан, биік парасатты, беделге ие жандар. Ал, кеңестік биліктің пікірінше, олар – жағымсыз, сол үшін дауыс беру құқығынан айырылғандар. Бұл тізімде өкіметке
қарсы адамдар, қанаушылар, ескіге сенушілер, кулактар, маклерлер мен терішілер, песірлер, өсекшілер сияқты азаматтар санаттары белгіленген. Мұнымен тынбай, ежелден халыққа аса пайдалы мамандық иелері болып табылатын малшылар, қасапшылар, саудагерлер сияқты кәсіп өкілдері де қудалауға ұшырады. Кеңестік органдардың жоғарыдан түсірген аманат атты құжатымен қаруланған жергілікті шенеуніктер 1923-1928 жылдар аралығында «жарамсыз элементтерді» анықтауға құлшына кірісіп, Атырау өлкесінде сайлау құқығынан айырылғандардың бірнеше тізімін жасақтады. Бұған Ат ы р ау о бл ы с т ы қ м е м л е ке т т і к архивінің №2, №4 қорларының материалдары дәлел. Осы құжаттарды талдау арқылы 1927 жылы Гурьев уезі бойынша 2307 адам дауыс беру құқығынан айырылғаны анықталды. Олар: Гурьев қаласы бойынша – 352 адам, Плотовинск ауылдық кеңесінен – 19, Сокол болысынан – 165, Қызылқоға болысынан – 274, Саркөл болысынан – 105, Есбол болысынан – 160, Доссор кәсіпшілігінен – 102, Редут болысынан – 72, Ақжал болысынан – 28, Тополинск болысынан – 101, Ембі-Атырау болысынан – 119, Қарасамардан – 99, Ракушадан – 99, Ембі болысынан – 224 адам. Байлар, билер, ақсақалдар, дінге қызмет етушілер сайлау құқығынан айырылып қана қоймай, кейінірек олардың ақ адал еңбекпен жинаған мал-мүлкі тәркілеуге ұшырап, отбасыларымен бірге жер аударылды. Мысалы, Теңіз ауданы бойынша Танашевтар, Самиевтер, Құрманбаевтар, Әлиевтер, барлығы 15 отбасы тәркілеуге жатқызылған.
32 санатта кімдер бар?
Же р г і л і к т і ш е н е у н і к т е р д і ң әпербақандығының кесірінен 1927 жылы Гурьев уезінде халықтың 32 санатына жататын 3586 адамның сайлау құқығы шектелді. Соншама жанды кулак-атқамінерлер, бай-қанаушылар, еңбексіз табысқа өмір сүретіндер, бұрынғы офицерлер, бақсылар, кеңес өкіметіне қарсы үгіттеушілер, асыраудағы адамдар, айналасындағы халықты құлдыққа түсірген адамдар, саудагерлер, діни қызметкерлер, молдалар, псаломшылар, сотталушылар, сопылар, ақсақалдар, қасапшылар, алыпсатарлар, қажылар, азаншылар, есі ауысқандар деп жазғырған. «Кеңес мемлекетінің жаула — ры» деп с аналғандармен қат ар, барлық жағынан алып қарағанда ешқандай зияны жоқ адамдар да осы жазаға ілікті. Олардың қатарында ақсақалдар, қасапшылар, азаншылар, байлардың «құйыршықтары» мен бірнеше әйелі бар ер адамдар да бар. Гурьев қаласы бойынша сайлау құқығынан айырылғандардың ішінде 80 қазақ, 180 орыс, 31 татар азаматы болыпты. Ал, Новобогат ауданы бойынша 356 адам сондай жағдайға ұшыраған. Ауданда тек қазақтар тұрғанын ескерсек, қитұрқы әрекеттердің неше түрі болғанын айтқызбай-ақ бағамдауға болады.
Көпе-көрінеу қиянат
18 жыл бойы жалғасқан мұндай өрескелдікті тек халық арасында «сталиндік» деп аталған жаңа Конституцияның қабылдануы ғана тоқтатты.
Ал, оған дейін сайлау құқығынан айыру Гурьев округіндегі жұртшылық үшін қарапайым формальды шара болған жоқ. Өйткені, осы жаза арқылы адам бұрын пайдаланып келген барлық құқықтар мен әлеуметтік артықшылықтарды пайдалану мүмкіндігін жоғалтты. Мәселен, тізімге ілінген адамдар мемлекеттік мекемелерге жұмысқа, ал олардың отбасы мүшелері оқу орындарына, партия және комсомол ұйымдарына қабылданған жоқ. Ал, олардың балаларына бастауыштан кейін оқу өте қиын еді. Олар ұжымшарға да алынбай, кооператив, артель мүшесі болудан да аластатылды. Ал, салық салу кезінде оларға қатаң талап қойылды. Бұл тым ауыр жаза болатын. Өйткені, ол кезде ұжымшардан басқа күнкөріс көзі болған жоқ. Тізімдегілердің бәрінен шеттелуі тек мұнымен шектелмеді. 1918 жылы карточкалық жүйе енгізілгенде де оларға арнайы карточка берілмей, а з ы қ — т ү л і к т і к о м м е р ц и я л ы қ бағамен сатып алуға мәжбүр болды. Жығылғанға – жұдырық, олар автоматты түрде зейнетақы мен жәрдемақыдан да айырылды.
1929-1930 жылдары мемлекеттік мекемелерде «әлеуметтік тұрғыдан б ө т е н » а д а м д а р д ы а л а с т а у мақсатында «тазарту» жүргізілді. «Жоғарының» нұсқауы бойынша ауруханалар мен соттар, тұрғын үй және салық департаменттері, басқа да құрылымдар оларға қатысты кемсітушілік саясат жүргізуі тиіс болды. Соған сай, аталған тізімге енгізілгендер жауапты лауазымдарды атқаруға, тіпті, халық сотында заседатель, кепілгер, қамқоршы болу мүмкіндігінен де аластатылған. Керісінше, олар өзгелерден едәуір жоғары с а лықт ар мен басқа да төлемдер төлейтін.
Отбасымен қудаланғандар
Бұл санаттағы адамдарға қатысты сұрқия тірліктің түйіні сол, алалау мен өзге де қиындықтар олардың тек өзін емес, отбасыларын да шарпып, зардап шегушілер санын еселеп арттырды. Мысалы, «қанаушы кулак» санатында көрсетілген Гурьев қаласының тұрғыны Липатий Пупыкиннің үш ұлы да осы тізімге енген. Дәл осындай жағдай Ходин, Тощаков, Демидов, Приданов, Мустахимов, Артамонов, Карамышев, Ибатуллин, Әжікеев, Ұзақпаев, Липатов, Чанпалов, Чертихин, Зарщиков, Фофонов, Өтепбергенов, Ротновтардың отбасыларына қатысты болды.
Новобогат ауданы бойынша дәулет иесі Қали Әлменовпен бірге анасы Дәметкен, бәйбішесі Жансекер, ағалары Бисен мен Кенжеғали, олардың әйелдері Қарашаш, Жамал, Болған да сайлаушы мәртебесінен айырылды. Сондайақ ағайынды Ахмет, Тәпеш, Шалақұл, Боқан Далдақовтар мен олардың анасы Үнзира, әйелдері Мақан, Разия, Жұмаштың да мүмкіндіктері шектелген. Онымен қоймай, бар құқайды отағасымен бірдей көрді. Гурьев облысы бойынша асыраудағы 1801 адам сайлау құқығынан айырылса, бұл жалпы тізімдегілердің тең жартысы еді. Олардың арасында әсіресе, дін жолын ұстанғандарға көзқарас аса жағымсыз болды. Тізімдегілердің 20,4%-н құраған бұл санаттағыларға қатысты қуғын-сүргін КСРО-ның жазалау саясатында ерекше орынға ие және ерекше мақсат-міндеттерді көздеді. Большевиктердің дін мен діни қызметкерлерге қарсы іс-қимыл бағдарламасы 1919 жылы В.Лениннің Ф.Д зержинскийге жазған әйгілі х а тында ашық көрініс т апқан. «Дін мен поптардан мүмкіндігінше тезірек құтылу керек. Поптар барып тұрған контрреволюционерлер мен диверсанттар ретінде тұтқындалып, барлық жерде атылу керек. Және мүмкіндігінше көбірек. Шіркеулер жабылуға жатады. Храмдардың, шіркеулердің үй-жайлары қоймаларға айналады». Шынында да, тек шіркеулер емес, мұсылман мешіттері де осы санаттан табылды. Патша өкіметі кезінде Гурьев уезіндегі 90-нан астам мешіт пен медреседе 2 мыңға жуық шәкірт тәлім алған. Ал, 1930-1932 жылдары мешіт атаулының 80 пайыздан астамы арнайы нұсқауға сәйкес жабылып, көпшілігі бұзылды.
Дауыс беру құқығын жоғалту сол дәуірде үлкен соққы болды. Бұл санаттағыларға 1923 жылдан басталған науқан бай-феодалдарды тәркілеу, діни қайраткерлерді қудалау, көшпелі және жартылай көшпелі отбасыларды күшпен отырықшыландыру, қазақ зиялыларын саяси қуғын-сүргінге ұшырату шараларына ұласты. Ал, 1929-1933 жылдар аралығындағы нәубет пен алапат аштықтың кесірінен 3,5 миллион қазақ опат болды…
Шахман НАҒЫМОВ, педагогика ғылымдарының кандидаты