Атыраулық емханаға жиналған бір топ адамның видеосы тарады

0cc24117 04e8 448f 86be 879d06b4ae30 Жаңалықтар

Облыстық денсаулық сақтау басқармасының ақпаратына сенсек, 2020 жылдың 14 қарашасында №1 қалалық емханада сағат 08.00-10.30 аралығында 8-10 сынып оқушыларын мақсатты профилактикалық медициналық тексеруден өткізу ұйымдастырылған.

Барлығы 3 мектептен 100-ге жуық оқушы келген.

«Денсаулық сақтау министрлігінің 2009 жылғы 10 қарашадағы №685 «Халықтың нысаналы топтарына профилактикалық медициналық тексеру жүргізу ережесін бекіту туралы» бұйрығына сәйкес, мектеп оқушылары арасында жыл сайын профилактикалық тексеру жүргізілуі тиіс. Коронавирус індетіне байланысты туындаған эпидемиологиялық күрделі ахуалға орай биыл профилактикалық тексеруді өткізу қиындық тудырған», делінген хабарламада.Осыған орай, № 1 қалалық емхананың басшылығы жұмыс күндері келушілердің шамадан тыс шоғырлануын болдырмау мақсатында, оқушыларға профилактикалық тексеруді демалыс күндері өткізуге шешім қабылдаған. 

Тексеруге емхананың салалық мамандары (хирург, офтальмолог, лор, психолог, бала дәрігері және жалпы тәжірибе дәрігері) тартылған екен. Таңертең тексерістен өтуге ата-анасымен бірге 100 оқушы келген. Алайда, емхана дәліздерінің өте тар болуы себепті, инфекциялардың таралуына қауіп төнген. Коронавирус инфекциясының алдын алу және болдырмауға бағытталған шектеу шаралары бұзылған.

– Орын алған кемшіліктің негізінде облыстағы барлық амбулаториялық-емханалық мекемелерге осы тектес олқылықтарға жол бермеу жөнінде ескерту жасалынды. Орын алған деректерді басшылыққа алып, №1 қалалық емхана басшылығына сөгіс жариялау ретіндегі тәртіптік шара қолданылды, – дейді Атырау облыстық денсаулық сақтау басқармасының басшысы Асхан Бәйдуәлиев.

«Atpress.kz«

Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз