Атыраулық дәрігерлер тегін кеңес береді

26eb94d0d47bc86d5f61fa3229c293d5 original.107259 720x540 1 Жаңалықтар

Қазір жеке клиникаларға барып дәрігер кеңесін алу кемінде 5000 теңге тұрады. Учаскелік дәрігерге жету үшін де жұмыстан уақыт таппаймыз. Иә, жазылған кезегіміз келіп болмайды. Қолында анализ қорытындысы бар немесе медициналық кеңес алғысы келіп жүргендер үшін дәрігерлер қауымдастығы тегін кеңес беруді қолға алды.

Ол қалай жүзеге асады? Қазақстанның отбасылық дəрігерлер ассоциациясы  (ҚОДА) биылдан бастап тегін медициналық онлайн кеңес беруді бастады.

Аталған ассоциацияның Атырау облысы бойынша филилиалы директоры Мейірімхан Нұрманова дәрігерлердің қызметін  «Теңізшевройл» ЖШС қаржыландырып отырғанын айтты.

   – Атырау облысы тұрғындары күн сайын, демалыссыз, сағат 09:00-ден 18:00-ге дейін (Нұр-Сұлтан қаласының уақытымен) онлайн консультация ала алады.  Консультацияларды отбасылық дəрігерлер Facebook (@kafpkz), Instagram (@asvkazakhstan) парақшаларында жəне Telegram (@kzfamilydoc) каналында жүргізіледі, – дейді Мейірімхан Нұрманова.

Негізгі мамандығы бала дәрігері, білікті маман Мейірімхан Жылқыбайқызының айтуынша, тұрғындарға онлайн тегін кеңес беру қажеттілігі былтырғы  пандемия  басталған уақытта туындаған. Сол кезде «ҚОДА»  дəрігерлері 10 ай бойы коронавирус індетіне шалдыққан 6 000 науқасқа кеңес берген. 200 адам толыққанды психотерапия көмегін алған.

Онлайн-форматта кеңес берудің тағы бір артықшылығы – дəрігер жетпейтін шалғай ауыл тұрғындарына толыққанды медициналық көмек берілетіндігінде.

Консультациялар қазақ жəне орыс тілдерінде жүргізіледі.

Нұргүл НАСЫР

Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз