Жарнама
COVID-19: Соңғы поштадан...ЖаңалықтарМедицина

Атыраулық дәрігер маусымдық жұқпалы вирустан қорғанудың жолын айтты

atr.kz/22 қыркүйек, 2020 жылПандемия жағдайында тұмау «covid-19» жұқпасымен қатарласып өтуі мүмкін. Сондықтан көпшілік жерге бармаған дұрыс,  — деп хабарлайды Атырау облыстық денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметі. 


 «Жедел респираторлық вирустық жұқпа ауа арқылы таралады.  Сондықтан, маусымдық жұқпадан ешкім қорғалмаған. Әсіресе, балалардың иммунитетін көтеретін құрамында С дәрумені бар тағамдарды көбірек қолдану керек. 


Ең дұрысы  –  иммунитеті әлсіз  бала да, егде жасқа келген  үлкен кісі де  тұмауға қарсы екпе алғаны дұрыс», — деді  № 2 Атырау қалалық емханасының отбасы денсаулығы бөлімінің меңгерушісі Бексана Мағауия Атырау облыстық коммуникациялар орталығында өткен брифингте.

Айта кетелік, облыс бойынша  емханаларда 15 қыркүйек пен 15 қазан айы аралығында тұмауға қарсы екпе салу жүргізілуде. 


Тегін вакцинаны мына топтағы адамдар алады:
 *Медицина қызметкерлері;
*Медициналық бақылауға жататын балалар;
*Алты айдан асқан көп ауыратын балалар;
*Жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға арналған білім беру ұйымдары;
*Сәбилер үйлері балалары;
*Медициналық-әлеуметтік мекемелердің (ұйымдардың) қызмет алушылары;
*Жүктіліктің екінші немесе үшінші триместріндегі жүкті әйелдер;
*Жүрек — қантамыр жүйесінің және тыныс алу мүшелерінің созылмалы аурулары бар науқастар; 

Related Articles

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button