Атырауда жаңа стадион ашылды

IMG 20171214 WA0025 Жаңалықтар

Тәуелсіздік күні мерекесіне орай Қайыршақты ауылдық округі Томарлы елді мекенінде жаңа жеңіл атлетикалық және футбол стадионы пайдалануға берілді. Оның ашылу салтанатына Атырау қаласы әкімі Серік Шәпкенов қатысып, барша жиналғандарды айтулы күнмен құттықтады.

IMG-20171214-WA0025

IMG-20171214-WA0026

IMG-20171214-WA0027

Қайыршақты ауылдық ардагерлер кеңесінің төрағасы Мұрат Мусин мен ардагер ұстаз Болат Дүйсенғалиев стадионның летнасын қиды. «Бұл нысан ел ертеңі салауатты ұрпақ қалыптастыру жолында қалтқысыз қызмет ете берсін» деген тілектер айтылды.

Ғимарат құрылысын қысқа мерзімде аяқтап, қолданысқа тапсырған – «БатысАльянсСтрой» мердігер мекемесі. Көрерменге арналған 300 орны бар. Ұзындығы 400 метрді құрайтын жүгіру жолағы жасақталған.

IMG-20171214-WA0023

IMG-20171214-WA0024

IMG-20171214-WA0028

Сондай-ақ, стадион жанында жаттығу залы, жуынатын, қызметкерлерге арналған бөлмелермен екі қатарлы кешен  де  бар.

Спорт алаңында алғаш рет «Атырау» қосалқы құрамасы мен «Сазанқұрақ» әуесқой командалары футболдан жолдастық кездесу өткізді.

Алтыншаш ҚҰРМАШЕВА

Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз