Жаңалықтар
Атыраулық бүлдіршіндердің тартуы
Атырау қаласындағы Махамбет-Исатай алаңында «Атырау — бақытты балалар мекені» атты ауқымды мерекелік шара басталды.
“Балалар жылы” мен қала күні мерекесіне арналған концертке жиналушылардың легі өте көп.
— Бұл шараның мақсаты — атыраулық балалардың басын қосып, олардың өнерін паш ету, — деді Құрманғазы мәдениет үйінің директоры Мақсот Торпақов.
Алаңда қаладағы беткеұстар өнер студиялары мен мектептердің оқушылары қала қонақтарына ән-биден шашу шашты.
Алаңдағы көгалда балалар арасында түрлі спорттық ойындар ұйымдастырылып жатыр. Жеңімпаз балалар арнайы медальдармен марапатталады.
Салтанат Сансызбай