Қоржында – алғашқы алтын

УнИверсиада 2 Жаңалықтар

Кеше отандасымыз Анна Шевченко шаңғымен із қуалау бойынша 5 шақырым қашықтықта тағы да үздік үштіктен көрініп, екінші қола медаліне қол жеткізді.

УнИверсиада 2

Ал, қоржынымызға тұңғыш алтынды салған биатлоншы Алина Райкова болды. Ол 15 шақырымдық жекелей сайыста жеңіске жетті. Сонымен қатар, осы сында отандасымыз Галина Вишневская күміс медальды жеңіп алды.

Қазақстандық фристайлшы дуэт Жанбота Алдабергенова мен Бағлан Іңкәрбек те Алматыда өтіп жатқан Универсиадада аралас командалық акробатика сайысы бойынша алтын жүлдені жеңіп алды.

Финалдық сайыста еліміздің спортшылары қытайлық қарсыластарынан басым түсті. Жанбота мен Бағлан сайыстарын екі әрекеттен кейін 167.05 ұпаймен аяқтады, қарсыластар 113.02 және 87.77 ұпай ғана жинай алды. Айта кететін жайт, аталған сайыстағы өзге қазақстандық спортшылар –  Ақмаржан Қалмырзаева мен Дархан Мұхамеджанов іріктеу барысында жарыс жолынан шығып қалды.

Айгүл Ертілеу

Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз