Атыраулық білекті қыз Алмагүл Азия чемпионы атанды!

armes Жаңалықтар

Atr.kz/4 шілде, 2019 жыл. Қырғызстанның Шолпан-Ата қаласында армрестлингтен  (қол күресі) ХVІІ Азия чемпионаты өтіп,  оған сары құрлықтағы 600-ден астам мықты деген спортшылар қатысты. Осы сында өнер көрсеткен  Қазақстан құрамасы  тамаша жетістіктерге жетіп, жалпы командалық есепте бірінші орынға ие болды.

Мерейі үстем болған ел құрамасы ішінде атыраулықтар да болып, осы бәсекелерде 80 келі салмақта сынға түскен Алмагүл Қанатова сол қол бойынша  өткен қол теке-тіресінде барлық қарсыластарынан басым болып Азия чемпионы  атанды. Онымен қоса,  оң қолмен өткізген бәсекелерінде жақсы көрсеткішке жетіп, тек ақтық сында ғана сүрінді. Осылайша, мойынына  күміс жүлдені де тақты.

Ал, 70 келі салмақта өнер көрсеткен  Жанаргүл Мұхамбетова ардагерлер арасында оң қол және сол қол бойынша да қола жүлдеге ие болды. Тағы бір қаракөзіміз Рахия Молдашева 80 келі салмақта күш сынасып, оң қол және сол қол бойынша да  финалға шығып,  қанжығасына  қос күміс байлап қайтты.

arm

Ал, ерлер арасында тек  Әділ Айткажин ғана жүлдеге ілікті.  70 келі салмақта өнер көрсеткен  жерлесіміз сол қолмен өткізген жарысында  күміс жүлдеге ие болды.

Бұл жетістіктері арқылы атыраулық спортшылар қазан айында Румыния елінде өтетін әлем чемпионатына жолдама алды.

Мұратбек ТӨЛЕГЕНҰЛЫ

Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз