79096050 2590130927873949 7389357663580061696 o

Атыраулық бапкер Марат Əбдуəліге шәкірттері темір тұлпар мінгізді

Жаңалықтар

Atr.kz/20 желтоқсан, 2019 жыл.  Х. Досмұхамедов атындағы Атырау мемлекеттік университетінің «Жайық» спорт кешенінде ҚР «Еңбегі сіңген жаттықтырушы»  Марат Əбдуəлінің 60-жылдық мерей тойына арналған дзюдо күресінен  2000-2002 жылы туған  жастар жəне 2003-2005 жылы туған  жасөспірімдер арасында ашық Республикалық турнир өтті.

Талай марқасқа спортшыларды тәрбиелеп шығарған бапкердің құрметіне ұйымдастырылған жарысқа Əзербайжан Республикасы, Ресей Федерациясынан Ингушетия мен Дағыстан Республикалары,  Ақтөбе, Батыс Қазақстан облыстары жəне Атырау облысының барлық аудандары мен қала спорт мектептерінен барлығы 250-ге жуық дзюдошы қатысты.

79032571 2590130804540628 2587048270568095744 o

Турнирдің ашылу салтанатында «Nur Оtаn» партиясы Атырау облыстық филиалы Төрағасының бірінші орынбасары, облыстық дзюдо федерациясының президенті Нұрлыбек Ожаев  мерейгерге ақжарма тілегін білдіре келе сайысқа   қатысушыларға сәттілік тіледі. Бірнеше спорт мамандарына федерациясы атынан шапан жабылды. Самбо, дзюдо және қазақ күресінен көптеген Азия және ел чемпиондарын тәбиелеген білікті маманның бір топ  шәкірттері ұстаздарына су жаңа темір тұлпар мінгізді.

79015391 2590131014540607 2499864239800320 o

Мұратбек   ЖАҢАБАЙ

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған