Атыраулық балалар «Delve Сamp» лагерінде тынығады
Облыстық білім беру басқармасы басшысының міндетін атқарушы Света Аманшиева Түркістан облысындағы “Delve Сamp” балалар демалыс лагерінің өкілі Шоқан Қайырғалиұлымен кездесті.
-Лагер басшылығы Атырау облысының 10-14 жас аралығындағы аз қамтылған, көпбалалы отбасыларынан шыққан, оқуда жоғары көрсеткіштерге қол жеткізген және мектеп өміріне белсене араласатын 700 баланы 5 кезеңмен тегін демалуларына мүмкіндік жасап отыр — деп хабарлайды аталған басқарманың баспасөз хатшысы Эльмира Тұңғатарова.
Ал Шоқан Қайырғалиұлының айтуынша, жазғы лагерде балалардың толыққанды тынығып, ағылшын тілін меңгерулеріне барлық жағдайлар жасалған. Ең бастысы қауіпсіздік шаралары қатаң бақылауға алынған.
Айта кету керек, балалардың алғашқы легі 28 мамырда демалысқа аттанады.
Мәлике МӘЛІК