Атыраулық азамат саусақтан айырылуға аз қалды

img 20220220 wa0014 Жаңалықтар

Атырауда құтқарушылар ер адамның саусағын құтқарып қалды.

19 ақпан сағат 21.55-те Вокзал маңы 3 «а» шағын ауданы мекенжайы бойынша 1990 ж.т. ер азамат саусағынан сақинаны өздігінен шеше алмайтыны туралы  хабарлама келіп түсті.
Оқиға орнына келген құтқарушылар кескіштің көмегімен сақинаны шешіп, ер адамның ортаңғы саусағын босатты. Құтқару операциясы бірнеше минутқа созылды.

«Мұндай жағдайларда уақытылы көмек көрсетудің маңызы зор. Саусақтың фалангасы ұзақ уақыт қысылып тұрса, оның ампутациясына әкелуі мүмкін, сондықтан егер  мәселені бірден шешпесендер, мамандарға хабарласу керек», – дейді құтқарушылар.

«Атырау облысы ТЖД Қоғаммен байланыс тобы«

Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз