Жарнама
ЖаңалықтарҚұқық

Атыраулық әуежай қызметкері танысының есепшотына 12 миллион теңге аударған

Atr.kz/11 шілде, 2019 жыл. «Атырау» стансасының полиция бөлімшесіне «Атырау халықаралық әуежайы» акционерлік қоғамына тиесілі екінші деңгейлі банктердің бірінен 12 миллион теңге ұрланғаны жөнінде хабарлама келіп түскен болатын.

«ATPress.kz» сайтының хабарлауынша, аталған әуежайдың инженер-бағдарламашысы өзінің кәсіби машықтарын заңсыз бағытта пайдаланған. Сөйтіп, ақшаны өзінің танысының есепшотына аударып, сол күні шығарып алған. Көліктік полиция қызметкерлері 23 жастағы күдіктіні қолға түсірген. Ауданарлық сот шешімімен ол өте ірі көлемдегі ақша ұрлығы дерегі бойынша кінәлі деп танылып, бес жылға бас бостандығын айырылды.

Амандық САҒЫНТАЙҰЛЫ

Related Articles

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button